Мектеп бітірушілер ЖОО-ға құжат жинамайды
Мектеп бітірушілер енді жоғары оқу орнына түсу үшін құжат жинамайды. Құжат жинау процессі автоматтандырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
- Жаңа оқу жылы да таяп қалды. Осыған байланысты ЖОО-ға құжат қабылдауға қатысты мәселелер өзектілене түсті. Өткен жылы біз жоғары оқу орындары мен колледждерге құжат қабылдауды толықтай автоматтандыруға уәде еткенбіз. Қазіргі таңда бұл қызмет автоматтандырылды. Құжат қабылдау кезеңіне қарай барлық жағдайды жасауды жоспарлап отырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болады.