KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Спортшыларға өмір бойы төленетін төлемнің шарты өзгереді

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 14:15 184

Спортшыларға өмір бойына берілетін төлемді тағайындау кезінде талап етілетін еңбек өтілі өзгереді. Қазір ол 20 жыл болса, енді бұл мерзім 10 жылға дейін қысқарады.

Бұл спортшыларды ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру мақсатында ойластырылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары мен олардың жаттықтырушылары үшін өмір бойы ай сайынғы төлем беру көзделген. Сонымен қатар спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына қойылатын талаптардың бірі – 20 жылдық еңбек өтілі. Алайда талаптарды нақтылау мақсатында ҚР азаматтары саналатын спортшылар мен олардың жаттықтырушылары үшін еңбек өтілінің барлық кезеңі Қазақстан аумағында есептелген болуы тиіс деген толықтыру енгізу қажет", – делінген Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Сонымен қатар ведомство жоғары жетістікке жеткен спортшылар үшін еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр.

  "Қазақстандық спортшыларды ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру мақсатында спортшылар үшін Қазақстан аумағында денешынықтыру және спорт саласында еңбек өтілінің болуы туралы талапты 10 жылға дейін төмендете отырып, қайта қарау ұсынылады. Сонымен қоса, спорттық нәтижелерді талдау нәтижесі шахматта жоғарыда аталған спорт түрлеріне ұқсас бәсеке өте үлкен екенін көрсетті. Осыған байланысты спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын зияткерлік спорт түрлері бойынша материалдық қамтамасыз ету Қазақстанның зияткер ұлтын қалыптастыруға ынталандырады", – делінген ведомствоның мәселелері көрсетілген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Бұған қоса тиісті құжатта 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензиялар саны 111-ден 98-ге дейін қысқарғаны және оған қандай факторлар себеп болғаны жазылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу