Қыркүйектен бастап елде қаңғыбас иттер көбеюі мүмкін
Фото: egemen.kz
1 қыркүйектен бастап үй жануарларын міндетті есепке алу қағидалары күшіне енгенде елімізде қаңғыбас иттердің саны артуы мүмкін.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Шынымен де, қаңғыбас иттер санының арту қаупі бар. Бірақ қаңғыбас иттердің бәрі жергілікті бюджет арқылы чиптеліп, уақытша ұстау орындарына орналастырылады. Мұндай иттер көбейіп кеткен жағдайда олардың санын жергілікті атқарушы орган реттейді. Кәрі, өмір сүруге қауқары жоқ иттер ветеринарлық комиссия шешімімен жансыздандырылуы мүмкін, – деді комитеттің бас сарапшысы елордада өткен брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, тіркеуден жалтарып, ит пен мысығын қаңғыртып жіберген адамдар жауапкершілікке тартылады.
– Есепке алудың чип, қарғыбау, болюс сынды 6 бұйымы бар. Оларды үй жануарларының егесі өзі таңдайды. Бұл нарық болғандықтан бағасы да әртүрлі болады, – деді ол.
Оқи отырыңыз