KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қазақстандықтар жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды

Фото: egemen.kz

27.08.2023, 14:44 317

Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды. 

Жиі кездесетін ауру түрлерінің тізімінде тыныс алу органдарының аурулары басым, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеп, 48301,40 құрады. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды (2021 жылы – 21964,12, 2022 жылы – 18883,3). Екінші орында – ас қорыту жүйесінің аурулары (2021 жылы – 3981,2, 2022 жылы – 3691). Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты (2021 жылы – 3000,6, 2022 жылы – 2759,6)", – деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақпарат тілшісі жолдаған сауалдың жауабында.

Сонымен қатар аталған ведомство Ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды.

– Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Ол бойынша биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында – қатерлі ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте – тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген, – дейді министрліктен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив