Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артады
Фото: Шартты сурет
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың хабарлауынша, елде денсаулық сақтаудағы медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша оң өзгеріс байқалған.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегіне сәйкес, 2022 жылы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шамамен 73 жасты құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 жылға артық. Осы дерек 2025 жылға қарай ел халқының өмір жасы 75 жасқа дейін артуына ықпал етуді жоспарлауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Министр денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылғы оң нәтижені атап өтті.
– Өткен жылы жалпы өлім-жітім жағдайлары 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға төмендеді, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштері 33%-ға, обырдан 8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан1,7 еседен астам, туберкулезден 17,6%-ға төмендеді, – деді Ажар Ғиният.
Оқи отырыңыз