KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жыл соңына дейін халық саны 20 миллионға жетеді – Президент

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 12:23 323

Жыл сайын елде 400 мыңнан астам бала дүние есігін ашады. Жыл соңына дейін ел азаматтарының саны 20 миллионға жетеді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Үкіметке қазіргі демографиялық ахуалды елдің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану тапсырылды.

– Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар.
Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив