Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі
Фото: egemen.kz
Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын өсіп келеді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі бірінші кезекте «жалақысы төмен» жұмыскерлерге әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разряд аралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Нәтижесінде барлық саладағы әр түрлі меншік нысандарының кәсіпорындарында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаяды екен.
Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын өсіп келеді. Жаңа жылдан бастап 85 мың теңгеге дейін өсетінін ескерсек, үш жыл ішінде оның мөлшері 2 есе ұлғайтылмақ.
ЕТЖ мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады.