Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде ойнаудан бас тартты
Фото: Xinhua news
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінде ойнаудан бас тартты.
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Чжэнчжоу (Қытайдағы) турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Елена Рыбакинаның жарыстан бас тартуына негізгі себебі ретінде белінің ауруын атаған.
Қазақстандық теннисшімен қоса, US Open 2023 чемпионы Коко Гауфф (иық) және "Ролан Гаррос 2023" финалисі Каролина Мухова да (оң білегі) жарыстан бас тартты.
Бұған дейін Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновадан ұтылған еді.