KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Отандық фильмдер апталығы өтеді

Фото: pexels.com

26.10.2023, 11:50 232

Республика күніне орай отандық фильмдер апталығы өтеді.

Елдегі телеарналардың эфирінде бірқатар отандық фильм көрсетіледі, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ақан Сатаевтың Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірі туралы «Боксер» драмасы, Серік Апрымовтың қазіргі қазақ ауылының бейнесін көрсететін «Ауыл» авторлық фильмі, Асқар Ұзабаевтың «Адам және алма» мелодрамасы, Серікбол Өтепбергеновтің «Патриоттар уақыты» атты ауқымды экшн-фильмі, қазақ даласынан шыққан әйгілі әйелдер туралы «Еуразия патшайымдары» деректі фильмі мен «Көше ақыны» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтеді.

Жалпы 23-29 қазан аралығында отандық телеарналар соңғы бірнеше жылда мемлекеттің қолдауымен түсірілген 15 толықметражды, деректі және қысқаметражды фильм көрсетеді.

Қазақстандық кино апталығының өткізу бастамасын Qazaqstan, «Хабар», «Жетінші арна» және «31» медиа холдингі қолдап отыр.

Фильмдердің көрсетілу уақыты туралы ақпаратты телеарналардың ресми сайтынан табуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив