KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ірі экспорттаушылардың қызметін қадағалау күшейтіледі

Фото: egemen.kz

7.11.2023, 12:01 313

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің айтуынша, 2008 жылдан бастап бұл заңнамаға концептуалды өзгерістер енгізілмеген еді, яғни 15 жылдай елеулі өзгеріс болмады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

2017 жылы редакциялық түрде біршама түзету болған.

— Бұл заңнама Қазақстаннан шыққан бастапқы экспорттық тауарлардың қаншалықты нарықтық бағамен шығып жатқанын қадағалауға бағытталған. Яғни осы тұрғыда бұл экспорттан салықтың толыққанды түсуі мәселесін реттейді. Сондықтан бүгінгі таныстырылған заң жобасы аясында концептуалды өзгерістер енгізіліп жатыр, - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті түзетулерді қамтып тұрған осы заң қабылданса, бюджетке қосымша салық түседі.

— Атап айтқанда, осыған дейін мұнай, металл және басқа да тауарларды шығаратын компаниялар түрлі схемаларды қолданып келген еді. Оларды тексеру кезінде анықталған деректерді ескере отырып, тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Бұл заң жобасының нормалары қарапайым адамдарға, шағын және орта бизнеске ешқандай әсер етпейді. Өзгерістер экспортқа бағдарланған алпауыт мекемелерге арналған. Солардың экспортқа шығарған тауарлары бойынша нақты салықты өндіріп алуға бағытталған, - деді Ержан Біржанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив