KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Биыл 6 айда шетелден 161 мыңнан астам көлік жеткізілген

Фото: egemen.kz

14.11.2023, 17:39 374

Биыл 6 айда елге шетелден 161 мыңнан астам көлік жеткізілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден көлік әкелуге қатысты дерек жариялады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әкелінген (импорт) көлік құралдарының саны 161 084 болды. Оның ішінде 135 185 жеңіл көлік, 22 862 жүк және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 2 862 электромобиль бар, - деп жазылған комитеттің жауабында.

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың 6 айында елге 180 271 көлік, оның ішінде 152 824 жеңіл көлік, 27 447 жүк көлігі және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 347 электромобиль жеткізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу