Өскеменде жол-көлік оқиғаларының саны азайған
Облыс орталығында жыл сайын көлік құралдарының саны артып келеді. Қазіргі күні қалада 115 мыңнан астам көлік бар.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір қаладағы әр отбасында кем дегенде 1 көлік бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жылдан-жылға көлік санының артуы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір облыс орталығында, керісінше, жол апатының саны азайғаны байқалады.
- 2000 жылдары Өскеменде 48 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Ал жылына 700-ден астам көлік апаты тіркеліпті. Қазіргі уақытта 115 мыңнан астам көлік тіркеуде тұрғанымен, жол-көлік оқиғаларының саны 2 есе азайғанын байқауға болады. Бұдан көлік санының өсуі жол-көлік оқиғаларына әсер етпейтіндігін көре аламыз, - дейді Өскемен қалалық ПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.
Десе де, тәртіп сақшылары жаз мезгілінде ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Оқи отырыңыз