KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Былтырғыдан үш мың көлік артық сатылған

31.05.2019, 08:04 193

Мамыр айындағы жағдай бойынша елімізде жыл басынан бері 18,8 мың жеңіл көлік сатылыпты. Ал 2018 жылғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 15,6 мың автокөлікті құраған, деп хабарлайды Ranking.kz.

Тек сәуір айында ғана елімізде 52,5 миллиард теңгенің 5,5 мыңнан астам көлігі сатылған.

Жалпы алғанда, төрт айда республикада автокөлік құралдарын сату көлемі 19,5 мыңға жеткен, бұл санның ішіне жеңіл көліктермен қатар автобус сияқты өзге де көлік құралдары кірді.

Дерек көзінің мәліметінше, сатылған көліктердің 55,5 пайызын қазақстандық өндірушілердің техникасы құраған.

Олардың ішінде «АзияАвто» АҚ (6,5 мың машина), «Сарыарқа Авто Өндіріс» ЖШС (3,9 мың автокөлік), «СемАЗ» ЖШС (202 көлік), «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ (153 көлік), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (78 көлік), «DaewooBusKazakhstan» ЖШС (35 көлік) сияқты өндірушілер бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу