Әлеуметтік желіде 3-сыныптың оқулығы қызу талқыға түсті
Фото: ult.kz
Әлеуметтік желіде 3-сыныптың «Әдебиеттік оқу» кітабы қызу талқыға түсіп жатыр.
Бұл оқулықтағы өлеңге қатысты редакциямызға да ата-аналар хабарласқан болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ертай Ашықбаев атты автордың «Ғаламтор туралы» өлеңі 3-сынып оқушыларына арналған «Әдебиеттік оқу. 1-бөлім» оқулығының 68-бетіне хатталған. Расымен де бұл өлеңді қандай мақсатта кітапқа кіргізгені түсініксіз.
Өлеңде:
«Сабақты да қоямын,
Тамақты да қоямын»
немесе
«Тыңдамаймын анамды,
Тыңдамаймын ағамды,
Тәртібімде ісім жоқ,
Түзетпеймін бағамды...», – дейді автор.
Ата-аналардың бірі бұл оқулық туралы әлеуметтік желіге де видео салыпты. Ол өлеңді мұқият оқып, талдай келе:
Иә, оқулық авторлары мен өлең авторы ғаламтордың балаға зиянын түсіндіргісі келгені анық. Осы мәселе бойынша мұғалімдерге хабарласқан едік. Олар да осы ойды айтып отыр. Бірақ, қалай болғанда да, бұл білім берудің ұтымды жолы емес екендігі көрініп тұр.