KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Семейде ұсталған студенттер 15 жылға сотталуы мүмкін

19.08.2022, 12:25 179
Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан студенттер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Ішкі істер министрлігі үш студентті ұстау операциясының видеосын жариялады. Оған "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасақтың сарбаздары тартылды. Студентердің қалтасынан есірткі заттары табылды.
Ресми мәліметке сәйкес, студенттер Семей қаласының маңында қолға түсті. Үшеуі де жергілікті колледжде оқиды.18 жастағы күдіктілер Telegram-арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында таратып жүрген.
Тінту кезінде полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде) бойынша тергеу шаралары басталды.
Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Жазғы уақытта мектеп оқушылары мен студент жастар демалыста жүреді. Сондықтан ата-аналар олардың бос уақытты қалай және кіммен өткізетінін қадағалап отыруға тиіс. Сайт әкімшісі, курьер болу туралы ұсыныстарды қабылдамау керек. Жұмыс берушілер көп жағдайда жоғары жалақымен және ке келген уақытта тиімді бизнестен шығу мүмкіндігімен қызықтырады ", – дейді полицейлер. 




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу