Жасанды интеллект қазақстандықтарға жұмыс табуға көмектеседі
Фото: dzen.ru
Электрондық еңбек биржасының порталында жасанды интеллект моделі іске қосылды. Ол жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін бос жұмыс орындары мен түйіндемелер бойынша ұсыныстарды таңдайды.
Енгізілген жасанды интеллект моделі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйелерінің деректерімен оқытылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Еңбек министрлігінің сайтында жүйені әзірлеу кезінде LinkedIn Recruiter іздеу және ұсынымдар жүйесіне ұқсас озық архитектура қолданылғаны хабарланды.
Компьютерлік жүйенің бұл моделі түйіндеме мен бос жұмыс орындарының мазмұнын тиімді талдап, жұмыс берушілерге лайықты үміткерлерді тез таңдайды және жұмыс іздеушілерге күтілетін жалақы деңгейіне, тұрғылықты жеріне, дағдыларына сәйкес келетін жұмыс орындарын табуға мүмкіндік береді.
Айжанат Бақытқызы