KZ
Өскемен
+1°
снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Шетелден әкелінген көліктерін заңдастырып үлгермеген азаматтарға айыппұл салынады

Фото: el.kz

19.01.2024, 16:22 165

Мемлекеттік нөмір алып үлгермеген жүргізушілерге 40 мың теңге айыппұл салынбақ. Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, Грузия, Қырғызстан, Ресей нөмірін таққан көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылмайды, өйткені бұл бір реттік науқан, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Осы шара басталғалы Қазақстанда 304 мың шетелдік көлік заңдастырылған. Оның 21 мыңы қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер. Тағы 55 мың көлік уақытша есепке қойылған. Сондай-ақ, оң рөлді көліктерді шетелден әкелуге 6 айға тыйым салынды. Бұл көлік түрін бөлшектеп кіргізуге де болмайды.

- Заңдастырудан өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты: олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив