"Ертіс орманы" басшысы күдікке ілінді: Антикор іске қатысты дәлелдерді жариялады
Фото: agroinfo.kz
"Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде "Ертіс Орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысы тарапынан пара алу дерегін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Антикор баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.
"Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды".
Жанаргүл Мұқатай