KZ
Өскемен
-35°
плотный туман Штиль
510.43 594.86 6.49

ШҚО әкімі Мәжіліс депутаттарымен өңірді дамыту бағыттарын талқылады

12.01.2026, 20:30 35 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мәжіліс депутаттарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы фракциясынан Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықовпен өткен кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсарту және ішкі туризмді өркендету мәселелері сөз болды.

Ал Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты Динара Наумовамен болған жүздесуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамту және олар үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау тақырыптары көтерілді.

Өңір басшысы бұл бағытта облыста жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл іске ірі кәсіпорындармен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері де белсенді тартылып отыр. Соның нәтижесінде олардың әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу