Қазақстандық теннисшілер Египеттегі беделді турнирдің финалистері атанды
Фото: KTF
Қазақстандық теннисшілер Египеттегі беделді турнирдің финалистері атанды
Каирде 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында ITF Juniors J300 сериясының турнирі аяқталды. Жарысқа Қазақстаннан Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 105-ші орын алған Соня Жиенбаева жекелей және жұптық разрядтарда финалист атанды.
Тек тартысты өткен шешуші матчта Польша өкілі Моника Станкевичтен ұпай жағынан сәл ғана ұтылды.
Ал қазақстандық Асылжан Арыстанбековамен дуэтте жұптық разряд атағы үшін матчта Дарья Егорова (Ресей) мен Юлия Перепехинадан (Беларусь) 3:6, 1:6 есебімен ұтылды.
Соня мен Асылжан осы аптада бірінші санаттағы J500 турнирінде ойнайды.
Айжанат Бақытқызы