KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскеменде жас теннисшілер жарысқа түсті

24.05.2022, 11:40 116

«Smash» теннис орталығында 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы командалық жарыстың іріктеу кезеңдерінің бірі аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Апта бойы жұптық және жекелей жарыстарда еліміздің барлық өңірлерінен 8 команда бақ сынады. Іс-шараның мақсаты – республика біріншілігінде таласатын ең мықты үш құраманы анықтау.

Жалпы Қазақстан Кубогі – жас теннисшілер үшін ең беделді турнир. Үздік өнер көрсеткендер республикалық рейтингіде алға жылжиды.

Бұл жолы облыс атынан Қазақстан Кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсету үшін Исхакова Диана, Иванова Екатерина, Болат Анель, Дюсембаев Артур, Жанболат Даниял, Жамбулатов Алишер және Биналиев Темірлан өзара бәсекеге түсті.

– Теннисті дамыту, жас спортшыларды қолдау – біздің әлеуметтік жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Мұндай чемпионаттар жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік береді. Кім біледі, мүмкін бірнеше жылдан кейін біз осы жігіттердің бірін әлемдік турнирлерден көретін шығармыз – дейді турнирдің бас демеушісі болған «Қазмырыштың» әкімшілік мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив