KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

11 наурыздағы түскі саудада доллар өсті

Фото: Informburo.kz

11.03.2024, 21:00 100 Айжанат Бақытқызы

Қазақстан қор биржасы 11 наурыздағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,82 теңгеге көтеріліп, 448,91 теңгені құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,28 теңгені (+0,29) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 487,32 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,7-451,7 теңгеге, еуро 490-494 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,97 теңгеге сатылуда.

Ал 11 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 81,54 долларға дейін 0,66%-ға төмендеді.

Сәуірдегі WTI фьючерстері 0,72%-ға төмендеп, барреліне 77,45 долларды құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив