KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
495.28 518.41 5.44

Доллар бағамы тағы көтерілді

Фото: smi24.kz

14.06.2023, 17:47 175 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,57 теңгеге көтеріліп, 450,16 теңге болғанын мәлімдеді

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,61 теңге (+0,12) болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайына сілтеме жасап.

Еуро бағамын Ұлттық банк 484,69 теңге, рубльді 5,35 теңге (-0,08) деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-451,5 теңге, еуро 485-488,5 теңге, Ресей рублі 5,25-5,49 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтеріле бастады.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 74,42 долларға дейін 0,17%-ға көтерілді.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстердің құны 0,03%-ға көтеріліп, 69,44 доллар болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу