22 ақпандағы саудада доллар тағы арзандады
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,30 теңгеге төмендеп, 450,47 теңгені құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сілтеме жасап.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,58 теңгені (-0,22) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 486,77 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 450,5-452,1 теңгеге, еуро 489-492 теңгеге, ресей рублі 4,81-4,89 теңгеге сатылуда.
Ал, 22 ақпандағы аукционда әлемдік баға көтеріліп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 83,20 долларды құрады.
Айжанат Бақытқызы