Имамдар енді уағыз айтуда қазақтың би-шешендерінің сөздерін қолданады
Фото: alif.tv
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 28 ақпанда «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасын қабылдаған болатын.
Соған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі уағыз айтудың жаңа әдебі туралы айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, енді уағыз айтқанда имам ұстаздар қазақтың би-шешендерінің сөздерін, қазақтың мақал-мәтелдерін көбірек қолданады.
Оның сөзінше, бүгінде уағыз айтып жүрген жас имамдар арасында түсінбеушілік туындап жатады. Өйткені, көбі шетелде оқып келгенімен, уағызды қазақ аудиториясына жеткізуде қиналады.