KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

"Балқыту, өзгерту, қатыру". Жат ағымдағылардың арбау тәсілдері

14.01.2020, 06:12 86

Теология ғылымының анықтауынша жат ағым өкілдерінің адамдарды арбауы мынадай үш сатыдан тұрады:

Бірінші: ерітіп, балқыту;

Екінші: санасын өзгертіп, өздеріне бейімдеу.

Үшінші: өз қалыптарына салып, қатырып тастау.

Әуелі, жат ағым өкілдері нысанаға алған адамына ерітіп, балқытатын түрлі уағыз-насихат айтады. Ол үшін Құран аяттарын, Алла Елшісінің (с.ғ.с) өсиеттерін, сахабалардың өнегелерін, одан кейінгі ірі ғұламалардың тағылымдарын құрал ретінде пайдаланып бағады. Балқыды-ау дегенде ыңғайына қарай тартып, өздеріне бейімдей бастайды. Мысалы, Ибн Тәймияның постулаттарын санасына құйып, өз идеологияларын өткізуге барын салады. Бейімделіп болды-ау дегенде өз қалыптарына салып, Ибн Баз, әл-Фаузан, әл-Усаймин, әл-Албанидің шархтарымен тұздықтап, біржолата мұз етіп, қатырып тастайды.

Ал, сосын теологтар жат ағымның жетегіне ерген адамның тоң болып қатқан санасын жібітумен шұғылданады. Шіркін, адамдарды жат ағымның өкілдері емес, алдымен өз имамдарымыз уағыз айтып ерітіп, балқытса, теологтар сан-сапат жұмысқа жегілмес еді-ау.

 

Мұхан Исахан.
Дінтанушы. PHD докторы.
ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.
ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының тапсырысы бойынша

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив