KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды

Фото: turkistan.today

14.03.2024, 18:00 114 Жанаргүл Мұқатай

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.

14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.

Амал мерекесі жайлы ғалымдардың пікірі әр түрлі. Көрісу күнін зерттеп жүрген ғалымдардың біразы бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп айтып жүр. Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыс айларында бір-бірін көре алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып көріскен. Көрісу жайлы жазылған ақпараттардың бірінде қыстан аман шыққан адамдардың саулық сұрасуы дәстүр боп сақталып қалса керек делінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив