KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, С
503.42 542.08 6

Ертең елімізде Көрісу күні атап өтіледі

13.03.2023, 16:20 409 Ләззат Қанатқызы

Елімізде Наурыз мерекесі 14-22 наурыз аралығында, яғни 9 күн қатарынан тойланады. Әр күннің өзіндік мән-мағынасы, атауы бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әр күнге жеке тоқталып өтсек:

14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, төс қағысады.

15 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. 

16 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні табиғат аясында серуендеуге жағдай жасалып, көшет егу, қоқыс тазарту шаралары ұйымдастырылады.

17 наурыз – Игі істер күні. Бұл күні түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, еріктілер мұқтаж жандарға көмектеседі.

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні. Бұл спорт және қолөнер күні, яғни ұлттық ойындар ойнатылып, жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

19 наурыз – Зияткерлік күні. Бұл күні даналық пен білімге көңіл бөлінеді. Мақал-мәтел, жыр жаттау сайыстары өтіп, ақын-жазушылардың шығармалары оқылады.

20 наурыз – Жоралғы күні. Бұл күні әр шаңырақта отбасылық дәстүр мен құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүрлерді жандандыру шаралары ұйымдастырылады.

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Ұлттық тағамдар, яғни бешбармақ, шелпек-бауырсақ және мерекедегі ең басты тағам – Наурыз көже дайындалады.

22 наурыз – Бұқара күні. Күн мен түн теңеледі. Бұл күні еліміздің әр түкпірінде түрлі мерекелік концерттер мен шаралар ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу