KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Риддерліктер Көрісу күнін тойлап жатыр (видео)



14.03.2024, 10:10 369 1 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Риддер қаласында Ұлыстың Ұлы Күніне орай Наурызнаманың онкүндігі басталды.

Бүгін таң атысымен риддерліктер бірін-бірі Көрісу күнімен құттықтап, сәлем беріп, құшақтарын айқара ашты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ежелгі дәстүрді жаңғыртуды қолға алған Риддер қаласының тұрғындары, қоғам дәне мәдениет қайраткерлері, қала жастары бір-бірімен қол алысып, амандасып, ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап жатты.

Риддердің тұмса табиғатының аясында бастау алған мереке  бүгін күні бойына жалғасатын болады. Көрісу күні қатысушылар қаланың 50-ден астам қоғамдық орындарында, әлеуметтік нысандарында тұрғындарды осы айтулы күнмен құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйламақ.

Айта кету керек, Риддерде Наурыз мейрамы аясында 20 мыңнан астам адамды қамтитын түрлі форматтағы 300-ден астам іс-шара жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (1)


Мейрамгуль 14 марта 2024 12:55
0

Өте Жақсы!!!!!👍👍