KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2023, 09:57 256 Ләззат Қанатқызы

Бүгін, 14 наурыз - Наурыз мейрамының бастамасы саналатын Көрісу күні атап өтіледі. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

Соңғы жылдары елімізде Наурыз мерекесінің ауқымын кеңейту мақсатында төл жаңа жылды 10 күн бойы тойлау әдетке айналып келеді. Әр күннің өзіндік атауы мен мағынасы бар. 10 күнге жалғасқан той-думанның басы – Көрісу күнімен басталады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мұндағы амал сөзі ескіше парсы тілінің хамал сөзінен алынған. Наурыз айын парсыша «Хамал» айы деп атауы себепті, «Амал мерекесі» аталып кеткен. Яғни, «Амал мерекесі» мен «Наурыз мерекесі» дегеннің ешқандай айырмасы жоқ.

Көрісу күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, көрші-қолаңды аралап,бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырады. Бұл күнге ешкім арнайы қонақ ретінде шақырылмайды, алайда жайылған дастархан сол күні жиналмауы керек. Өкпе-ренішті ұмытып, көрісу күнінде адамдар бір-бірімен табысады. Көрісе шыққан адамды қабақ шытпай көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, дастарқанға шақырады.  Біреуден қарыз алған болса, қарызын осы күнге дейін иесіне беріп тастауға тырысады. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға батасын береді.

Көрісу салты негізінен Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір аудандарында, Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда ертеден тойланады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив