Яндекс қазақ тіліндегі жаңа қолданбаны ұсынды
Яндекс Қазақстан есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған қазақ тіліндегі қолданбаны іске қоспақ.
Ол Android және iOS платформаларында қолжетімді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қолданба қазақ және орыс тілінде жұмыс істейді.
Аталмыш қолданба есту және сөйлеу қабілетінде кінәраты бар жандардың қоғам өміріне етене араласуына бағытталған. Ол ауызекі сөзді жазбаша немесе жазуды сөзге айналдырып дыбыстай алады. Яғни, оны қолданатын адамға бейімделеді деген сөз.
Айта кетелік, яндекстің бағдарламасы қазақ тілін дұрыс танып, барынша жақсы жұмыс істеуі үшін телефоныңыздың баптауларында қазақ тілі орнатылғаны жөн.