Өскемендік әскерилерді Қорғаныс министрі марапаттады
Өскемендегі 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Азамат Джумагазиев “Әскер тарланы” байқауының жеңімпазы атанды. Ал осы бөлімдегі барлау ротасының бөлімше командирі Руслан Мақсұт “Жауынгерлік машинаның үздігі” номинациясын иеленді.
Байқау жеңімпаздарын Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов марапаттады.
– Біз дәстүрлі «Әскер тарланы» байқауының қорытындысы бойынша үздік мамандарды марапаттадық. Әскери шеберлік флагмандарын бағалау кезінде жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша ай сайынғы сабақтардың нәтижелері, бақылау және қорытынды тексерулердің қорытындылары, оқу-жаттығуларға, түрлі конкурстарға қатысу, әскери тәртіп және моральдық-іскерлік қасиеттері ескерілді, – деді Қорғаныс министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау - әскери қызметшілердің шеберлігін жетілдіруге, жауынгерлік тәжірибені таратуға және армияның имиджін арттыруға бағытталған.
“Іріктеу 24 номинация бойынша өтті. Кәсіби байқау жеңімпаздары дипломдармен, атаулы мүсіншелермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әскери саладағы еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымын”, - деді Азамат Джумагазиев.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз