KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
524.75 540.6 5.12

"Хаттарыңызды бөгде адам оқымайды" – WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болды

16.08.2019, 03:24 91

Android смартфондарында WhatsApp желісіне саусақ таңбасы (отпечатка) арқылы кіруге болатын қолданба пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз бұл қонданбаны үш ай көлемінде сынақтан өткіздік. Енді ол барлық Android смартфондарында бар. Тек телефонды қайта бір жаңарту керек. Онда да қолданба іске қосылмаса, хаттардың көшірмесін сақтап алыңызда, WhatsApp-ты өшіріп, жаңасын орнатыңыз, – дейді WhatsApp басшылығы.

Қолданбаны іске қосу үшін «Есеп жзбасы» («Учетнач запись»), оның ішінде «Құпиялық» («Конфиденциальность») батырмасын таңдайсыз.

Айта кетейік, бұдан өзге тағы бір жаңалық бар. Енді келген хаттарды тек WhatsApp-ты ашып қана көретіндей қылуға болады. Яғни саусақ таңбаңызбен желіні ашасыз, хатты өзіңіз ғана оқисыз. Бұрынғыдай келген хаттар телефон бетіне шығып тұрмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу