KZ
Өскемен
-16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
527.23 544.05 5.05

Мобильді аударымдарды бақылау: ШҚО-да заңсыз кәсіпкерлікпен күрес күшейтілуде

pexels.com

Кеше, 17:00 133 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанын хабарлайды.

Мобильді аударымдарды бақылаудың негізгі өлшемшарты – бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы №323 бұйрығына сәйкес).

2025 жылдан бастап банктер 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары туралы ақпарат ұсына бастайды.

Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз тауарлары, қызметтері мен жұмыстарын сатқаны үшін төлемдерді кәсіпкерлікке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударым арқылы қабылдайды.

Сонымен қатар, қолданыстағы өлшемшарттарды қайта қарау жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеу құқығы бар тұлғаларға қатысты өзгерістер енгізіледі. 

Өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы» деп  қабылдау ұсынылады,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу