Orda.kz-тен жалған ақпарат: Арман Есентаев ШҚО Экология департаментінде ешқашан жұмыс істемеген
Orda.kz Telegram-арнасы әдейі немесе байқаусызда шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялады. Бұл ресурстың «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Арман Есентаев Экология департаментінде жұмыс істеген және сотталған бұрынғы басшы Данияр Әлиевтің қызметімен байланысты» деген мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
Табиғи ресурстар басқармасы жануарлар әлемін, орман және балық шаруашылығын, сондай-ақ су ресурстарын қорғау бойынша маңызды міндеттерді атқарады. Басшысына қатысты жалған ақпараттар қоғамды шатастырып қана қоймай, оның іскерлік беделіне де зиян тигізеді.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы журналистерді тек нақты және шынайы ақпарат таратуға міндеттейді. Тексерілмеген мәліметтерді тарату БАҚ-қа деген сенімге нұқсан келтіріп, кәсіби этика қағидаларын бұзады.