KZ
Өскемен
-21°
туман жел 2 м/с, В
497.89 520.89 5.47

«Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырады

9.01.2025, 12:00 1 212 Төлеуғазы Жансая

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттері үшін жауапкершілік барын ескертеді, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

– Жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, «дропперлерге» айналып жатады. 2024 жылы 1200-ден астам «дропперге» қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

видео-фото: Polisia.kz 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу