KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

TikTok желісінде тараған «зорлау күні» – фейк

Фото: sun9-3.userapi.com

16.04.2024, 21:11 128 Ержан Әбіш

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта «24 сәуір» туралы ақпаратты Қазақстан аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік барын ескертеді. Баппен 5 мың АЕК айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу