Жалған ақпарат таратқан блогерлерге, ақпараттық порталдарға айыппұл салынады
Фото: Шартты сурет
Интернет-платформаларда жалған ақпарат тарату бойынша өткен жылы 278 дерек тіркелген. Бұл дерек Мәжілістің қарауындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған.
Осыған байланысты, депутаттар бастамасы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 456-2-бабы (Жалған ақпаратты орналастыру, тарату) қосылмақ. Оған сәйкес блогерлер мен ақпараттық порталдарға жалған ақпарат тарату дерегі үшін айыппұл салу көзделген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
- 2022 жылы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Талдау және ақпарат орталығы жалған ақпарат таратумен байланысты 278 бұзушылықты анықтады. Оның 247-сі kaztag.kz, caravan.kz, ulusmedia.kz және басқа да сайттарда таратылған. Ал «Facebook» желісінде – 83, «Instagram» желісінде – 74, «Telegram» желісінде – 56, «Tiktok» желісінде – 7, «Youtube» хостингінде – 27, интернет-ресурстарда таратылған 31 жалған ақпарат бар. Мәселен, 2022 жылы ҚР Ішкі істер министрлігіне жалған ақпарат таратудың 195 жағдайына қатысты хабарлама-хаттар жолданды. Жалған ақпараттың (фейк ақпарат) таралу фактілері барған сайын кеңінен тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны анықтай отырып, бір жыл ішінде қайталап жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеген жөн, – деп жазылған құжатта.
Оқи отырыңыз