KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

10 жылдан кейін елімізде климат қандай болады?

Фото: cdnstatic.rg.ru

23.04.2024, 20:42 57 Ержан Әбіш

Экология және табиғи ресурстар министрлігі климат саясаты департаменті климаттың өзгеруіне бейімделу басқармасының бас сарапшысы Айжан Мамедалиева елдегі климат өзгерісі туралы зерттеулердің алғашқы нәтижелерін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Қазақстан да – Орталық Азияның өзге елдері сияқты климат өзгерісіне осал ел. Кейінгі он жылда Қазақстандағы ауа температурасы айтарлықтай көтерілді. Жылдық орташа температура әр 10 жыл сайын 0,32 градусқа артып отыр. 2030 жылы бұл көрсеткіш 1,7-1,9 градус, 2050 жылдары 2,4-3,1 градус, 2100 жылға қарай 3,26 градус көтеріледі, – дейді маман.

Айжан Мамедалиеваның айтуынша, температураның экстремалды деңгейде артуы адам денсаулығына, экожүйеге, ауыл және су шаруашылығына, инфрақұрылымға кері әсер етуі мүмкін.

– Жыл ішінде түсетін жауын-шашынның кемуі құрғақшылықты ушықтырып, ылғал қорын азайтып, су тапшылығын арттыруы ықтимал. Климаттың өзгеруінен мұздықтар еріп, шөлейттену жеделдейді. Орталық Азияда мұздықтар жылына 0,2-1% азайып жатыр. Кейінгі 50-60 жылда Тянь-Шань мен Памир тауларында мұздықтардың 14-30 пайызы еріп кеткен, – дейді сарапшы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив