Полиция қатарына қосылуға ниет білдіретін жастар көбейген
Фото: egemen.kz
Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Шыңғыс Алекешев полиция қызметіне келіп жатқан жастар көбейгенін айтты.
Оның айтуынша, ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моралдық-психологиялық климат айтарлықтай жақсарған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық климат айтарлықтай жақсарды. Сауалнама кезінде мұны қызметкерлердің 89 пайызы растап отыр. 90 пайызы психологиялық және жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде бағалады, – Шыңғыс Алекешев министрлікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жастар арасында полиция қызметіне деген тартымдылық жоғарылады.
– Ішкі істер органдарына қызметке қабылданғандардың саны 1,5 есеге өсті. Кадрлардың тұрақтамауы көрсеткіші 20 пайызға азайды. Оның ішінде өз еркімен жұмыстан кеткендер саны төрттен бір деңгейге төмендеді, – деді ведомство өкілі.
Оқи отырыңыз