Мектеп түлектеріне ақша жинауға, банкет ұйымдастыруға тыйым салынады
Фото: orda.kz
Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді.
Биылғы оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы - мектеп түлектері, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, оқу жылының ұзақтығы 34 апта болды.
11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.
Сондай-ақ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.