KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Бүгін: мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

25.05.2020, 03:34 231

1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимінде қоштасып, жазғы демалысқа шығады. 

Сағат 11.00-де республикалық телеарналардың эфирінде Білім және ғылым министрі құттықтау сөз сөйлейді, содан кейін әр сыныпта қашықтық форматында сынып сағаты өтеді.

Мұғалімдер оқу жылын қорытындылағаннан кейін мектеп оқушыларының ресми жазғы демалысы басталады.

Биыл салтанатты шараға 11-сынып оқушылары ғана қатысады. 3-4 маусымда мектеп аулаларында әр сынып үшін жеке аттестат тапсыру рәсімі өтеді.  

Түлектер мерекеге бір немесе екі ата-анасымен келе алады. Биыл мектептің аяқталуын мерекелеуге арналған басқа дәстүрлі шаралардың барлығына тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық оқушылар коронавирус пандемиясына байланысты төртінші тоқсанда қашықтықтан оқыды. Түлектер қорытынды емтиханды тапсырмайды, аттестатқа қорытынды жылдық баға қойылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив