Бітіру кештері тек мектеп қабырғасында ғана өткізіледі
Фото: ашық дереккөз
Биылғы жылы бітіру кештері жалпы білім беретін мектептердің қабырғасында ғана өткізіледі.
Оқу-ағарту министрлігінде атап өткендей, орта мектепті бітіргені туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыруды 2023 жылғы 20-22 маусым аралығында өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін өңірлердің білім беру ұйымдарына аттестаттарды тапсыру бойынша әдістемелік ұсынымдар жіберілетін болады.
Мектеп басшылығы үшін негізгі ұстанымдардың бірі – салтанатты іс-шараның қауіпсіз өткізілуі, оның ішінде түлектердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету болмақ.
Аттестаттарды тапсыру жөніндегі салтанатты іс-шараға мектеп басшылары, сынып жетекшілері, жоғары сынып педагогтары, 9, 11 (12) сынып түлектері және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) қатыса алады.
Қосымша айта кетейік, 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары ағымдағы жылдың екінші маусымынан 13 маусымына дейін, ал 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары ағымдағы жылдың бесінші маусымынан 19 маусымына дейін өткізіледі. Белгіленген талаптарға сәйкес қорытынды бітіру емтихандары мен мемлекеттік бітіру емтихандары жалпы білім беретін мектептердің қабырғасында өтеді.