KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, СБ
523.54 546.47 4.99

Жүк көліктерінің елді мекен ішінде жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруына тыйым салынады

Фото: egemen.kz

26.04.2024, 17:36 195 Айжанат Бақытқызы

Ішкі істер министрлігі ауыл, қала ішінде жүк көліктерінің рұқсат етілген жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан 50-ге дейін азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Министрліктің түсіндіруінше, жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік апаттарының зардабы бірнеше есе ауыр. Сондықтан мұндай жол апаттарының санын азайту мақсатында осындай норма енгізілмек. 

- Жол көліктері сағатына 50 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда өлім мен жарақат көрсеткіштері айтарлықтай төмендейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жылдамдық режимін сағатына 50 километрге дейін төмендету жол-көлік оқиғасы кезінде өлім ықтималдығын 25 пайызға төмендетеді, аман қалу мүмкіндігін арттырады, – делінген Ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Еске салайық, өткен жылы автобустардың қозғалысы да дәл осылай, сағатына 60 шақырымнан 50-ге дейін шектелген болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу