Утильалым құны азая ма?
Фото: mediasalt.ru
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты. Бұған дейін депутаттар утильалым сомасын азайту ұсынысын бірнеше рет жариялаған еді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жақында Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекбол Орынбасаров еліміздің автопаркін жаңартудағы проблемаларды жария етті. Қазақстан азаматтары үшін импортпен келетін автомобильдің бағасы тым жоғары. Оған кедендік алымдар, утильалым және алғашқы тіркеу төлемдері себеп болған.
Осыған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев утильалым бағасын төмендетуді ұсынған еді.