Елімізде ет бағасы түсе ме?

шартты сурет
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы ет бағасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жақында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасы төмендеп жатқанын мәлімдеген еді.
«Ауыл шаруашылығы министрі айтқан деректер дұрыс, өйткені бізде жәрмеңкеден келетін өнімдер бар, олардың бағасы төмен. Яғни түрлі аймақтарда өткізілетін жәрмеңкелерге тікелей жеткізеді. Атап айтқанда, сиыр етінің бағасы 2500, 3500 және 4500 теңгеге дейін, жылқы етінің бағасы да осылай әртүрлі. Жалпы, баға негізінен әртүрлі деңгейде», - деді Ә.Қуантыров Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министр супермаркеттер мен базарлардағы өнімдердің бағасы да әртүрлі екенін айтты. Осы орайда тілшілер министрден «Ет бағасы төмендей ме?» деп сұрады.
«Жалпы, төмендеуі мүмкін. Мал басы көбейсе, ұсыныс артып, ет арзандайды. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілуіне байланысты мәселелер бар екенін ескеру керек», – деп түсіндірді Әлібек Қуантыров.