KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Оқушылардың қазақ тілін білу-білмеуі тексеріледі

Фото: depositphotos.com

21.05.2024, 11:35 224 Ержан Әбіш

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл алғашқы рет оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі бағаланатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

– Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында аралық емтихандар өткізіледі, – деді министр.

Сондай-ақ Бейсембаев балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылатынын атап өтті.

– Бұл мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Жазғы демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Бірыңғай талаптарды қамтитын әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді, – деді ведомство басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу