"Дау тудыратын бірде-бір мәселе көріп тұрған жоқпын" - Путин Қазақстанмен қарым-қатынас туралы айтты
Фото: Ақорда
Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен сенімді, мейірімді, достық қарым-қатынаста екенін айтты.
Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Қасым-Жомарт Кемелұлымен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты. Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынаста дау тудыратын бірде-бір мәселе көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды. Яғни, бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар болады, - деді Ресей басшысы «Казинформ» ХАА-ның бас редакторы Асқар Джалдиновтың сауалына берген жауабында.
Оқи отырыңыз