KZ
Өскемен
-15°
небольшой снег жел 8 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Үкімет сейсмология саласын дамыту жоспарын қабылдады

Фото: depositphotos.com

5.07.2024, 10:39 189 Ержан Әбіш

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің тиісті қаулысына Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамту, цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау және т.б. бар.

Осылайша, 15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленетін болады, бұл еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі жер сілкінісі ошақтарының 70%-ын болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген.

Қазақстанның сейсмикалық аймақтары республиканың жалпы ауданының шамамен 40%-ын алады. Еліміздегі сейсмикалық қаупі жоғары өңірлер – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының аумақтары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу