Енді айыпталушылар мен күдіктілерге электронды білезік тағылады

Фото: depositphotos.com
Жоғарғы сот жаңа қадағалау жүйесін қолдануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 11 мыңға жуық адам сотқа дейін қамауға алынады. Тергеу органдарының ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша күдіктілерді қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініштерінің саны 30 пайызға өскен.
Тергелетіндерге электрондық мониторинг жүйелерін қолдану және оларға қызмет көрсету мемлекет үшін оларды тергеу изоляторында ұстауға қарағанда арзанырақ. Сонымен қатар бұл адамдар өмір салтын сақтап, әлеуметтік байланыстарды қолдай отырып, жұмысын жалғастыра алатыны айтылды.
Білезіктерді қолдану алгоритмі жасалған. Жоғарғы сот оң тәжірибені республикалық деңгейде таратуды жоспарлап отыр. Бұл қамауға алынғандар санын азайтатыны айтылды.